Жерге астероид жақындап келеді

22 ноября, 20:22

Фото: google.com

Жерге 370-тен 820 метрге дейінгі 153201 (2000 WO107) астероид жақындап келеді, деп хабарлайды NASA Жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығының сайты.

Алматы, NEGE. Астероид 29 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00-де Жерге ең жақын қашықтыққа келеді.

Астероид пен Жер арасындағы қашықтық 4 миллион км-ден асады, бұл Айға дейінгі қашықтықтан 11 есе көп, сондықтан ол планетамызға қауіп төндірмейді. Дегенмен ғалымдар астероидтың қауіптілігін жоққа шығармайды, өйткені ол Жер шарының орбитасынан кесіп өтеді. Спектрлік талдау көрсеткендей, қатты тасты дененің құрамында никель, темір және кобальт бар.

600 мың астероид туралы ақпарат жинақталған Asterank мәліметтер қорының бағалауынша, 2000 WO107-дегі пайдалы қазбалардың құны 17,4 миллиард долларға бағаланады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации