WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

14 января, 15:55

Фото: 24.kz

WhatsApp көптеген хабарламалармен жұмыс істеуді жеңілдететін функцияны әзірлеп жатыр. Жаңа қызмет түрінің тестілеуден өтіп жатқаны туралы WABetaInfo хабарлады.

Алматы, NEGE. Функция Read Later (Кейінірек оқу) деп аталады және Мұрағаттың орнын басады. Дегенмен, ерекшелігі – жаңа функция арқылы қолданушылар аталған бөлімге кірген кезде ғана белгілі бір чаттардан келіп тұрған хабарламаларды оқи алады. Оған дейін олардан ешқандай сигнал келмейді. Әзірге жаңа қызмет WhatsApp-тың Android нұсқаларында бета-тестілеуден өтіп жатыр. Жақында ол барлық платформаларда тұрақты қолжетімді болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации