Вирусқа қарсы вакциналауда ерекше әдіс қолдануға болады

13 января, 19:51

Фото: google.com

Индонезияда вирустың тарауын тоқтату және ел экономикасын қалыпқа келтіру мақсатында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды, – деп хабарлайды жергілікті Kontan порталы. 

Алматы, NEGE. Портал мәліметінше, Индонезия вакцинациялауда басқа әдіс қолданған. Алғашқы кезеңде егде жастағы адамдарға екпе салудың орнына ең алдымен 18-59 жастағы адамдарға вакцина салынады. 

59 жастағы Джоко Видодо елде вакцина салдырған алғашқы адам. Ал 77 жастағы вице-президент Мааруф Аминге жасы үлкен болғандықтан вакцина салмайды.  

Профессор Амин Себандрио мұндай әдіс ұжымдық иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтады. 

«Біздің басты нысан – вирусты тарататындар», – деді ол.  

270 миллион халқы бар Индонезия мектеп пен мемлекеттік мекемелерді жапқанымен, ел экономикасын ойлаған үкімет қатаң шектеу қабылдаудан бас тартқан. Халықтың жартысынан көбі бейресми секторда жұмыс істейтіндіктен, қашықтан жұмыс істеу көптеген адам үшін тиімсіз.

«Біз жұмыс кезінде көп адаммен байланысатын адамдарды бірінші орынға қойдық. Сондықтан адамдар мәселе тек экономикада деп ойламаса екен деймін. Әңгіме адамдардың қауіпсіздігі туралы болып тұр», – дейді елдің жаңа денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садыкин.

Сонымен қатар, ел үкіметі жастарды вакцинациялау арқылы егде жастағы адамдарды қорғайтынын айтады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации