Василий Ломаченко америкалық боксшыдан жеңіліп қалды

18 октября, 12:12

Фото: rbc.ua

Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) украиналық боксшы Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) мен америкалық Теофимо Лопес (15-0, 12 КО) жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін айқасты.

Алматы, NEGE. Ломаченко өзінің WBA Super, WBC Franchise және WBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін бәске тікті. Лопес IBF титулын сарапқа салды. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жекте екі боксшы толық жұдырықтасып шықты. Айқаста төрешілердің бірауызды шешімімен (116-112, 119-109, 117-111) Лопес жеңіске жетті. Осылайша, америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы 16-шы жеңісін тойласа, Ломаченко екінші рет қарсыласына есе жіберді. Бүгінгі жекпе-жектегі жеңісі арқылы Лопес жеңіл салмақтағы барлық титулды жинап, әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации