Ташкентте қоғамдық көлікте маскамен бірге медициналық қолғап киіп жүру міндеттелді

18 октября, 21:27

Фото: inform.kz
Өзбекстанда қоғамдық көлікте маска ғана емес, медициналық қолғап кию міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты түрлі маусымдық инфекциялардың таралуына жол бермес үшін, сонымен қатар жолаушылардың денсаулығын қорғау мақсатында Көлік министрлігі Ташкент қаласында қоғамдық көлікте (метро, автобус, такси) медициналық маска және қолғап киіп жүру режимі енгізілетінін хабарлайды. Жолаушылар санитарлық ережелерді және карантин талаптарын қатаң сақтауы үшін инспекторлардан, құқық қорғау органдары және жол қозғалысы қауіпсіздігі департаментінің қызметкерлерінен құралған арнайы жұмыс тобы қоғамдық көлікте қатаң тексеру жүргізеді. Көлік инфрақұрылымы нысандарында және қоғамдық көлікте бақылау күшейтіледі» делінген министрлік хабарламасында. 19 қазаннан бастап жолаушылар қоғамдық көлікте медициналық маска және қолғап киіп жүруге тиіс.
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации