«Спутник V»: Арменияға вакцинаның алғашқы партиясы келді

08 апреля, 18:29

Фото: google.com

Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы жеткізілді. Бұл туралы «Россотрудничество»-ның Еревандағы офисі мәлім етті.

Алматы, NEGE. 8 сәуірге қараған түні Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы 15 мың доза жеткізілді.

Вакцина тиелген жүкті әуежайдан Армениядағы Ресей елшілігінің кеңесшісі Павел Курочкин, Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ауруларды бақылау және алдын алу ұлттық орталығының бас директоры Артавазд Ванян және «Россотрудничество»-ның Еревандағы өкілі Андраник Арзуманян күтіп алды.

«Ең алдымен, халықтың қауіп аймағында тұрған тобы вакциналанады. Бұл Ресей тарапынан коронавирус пандемиясымен күресте Арменияға көрсеткен кең ауқымды қолдауының жалғасы екенін атап өткім келеді», – деп мәлімдеді Павел Курочкин.

Кеше Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян Ресейге жұмыс сапары барысында Ереван ресейлік вакцинаның алғашқы партиясын күтіп отырғанын мәлімдеген болатын.

Армян Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Арменияға вакцинаның миллионнан астам дозасы қажет.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации