СOVID-19: Sinovac вакцинасының тиімділігі 90 пайыздан асты

14 января, 11:39

Фото: ғаламтордан

Қытайдың Sinovac компаниясы әзірлеген вакцинаның тиімділігі 91 процент. Бұл туралы аталған мекеме өкілдері Түркияда өткен клиникалық сынақтан кейін хабарлады.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, түрік елінде жүргізілген зерттеу жұмыстарына 25 мыңдай ерікті қатысқан. Бұдан бөлек, препарат Бразилияда ауруы асқынған 13 мың адамға егіліп, 100 проценттік тиімділігін көрсетіпті. Алайда ауру жеңіл өтіп жатқандарға тек жартылай ғана әсер еткен. Енді осы деректердің бәрі тиісті органға жіберіліп, дәріні Бразилияда қолданысқа енгізу туралы шешім шығарылуы тиіс. Айта кетейік, Sinovac вакцинасы қазір Қытайда кеңінен қолданылып жатыр.

Sinovac Biotech директоры Инь Вэйдун: "Вакцинаның 7 миллионнан астам дозасы Қытайдың бірқатар өңіріне жеткізілді. Оның ішінде Бейжің мен Гуандун да бар. Қазір бұл қалаларда тұрғындарды жаппай вакциналау науқаны жүріп жатыр", – деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации