Маск 15 миллиард долларынан айырылды

23 февраля, 20:17

Фото: google.com

SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Tesla акцияларының құлдырауына байланысты бір тәулікте 15 миллиард долларынан айырылды.

Алматы, NEGE. Агенттік мәліметінше, оның байлығы 183 миллиард долларға дейін төмендеді.

Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 3,73 миллиардқа - 186 миллиард долларға дейін төмендеді. Осылайша, Безос әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орында, Маск – екінші орында тұр.

22 ақпанда Tesla акцияларының бағасы 8,55 пайызға – 714,5 долларға дейін төмендеді. Ал Amazon акциялары 2,13 пайызға – 3180,74 долларға арзандады.

Еске салайық, 17 ақпанда Илон Маск ең бай адам атағынан айырылып, Amazon негізін қалаушыдан бір саты қалып қойған еді. Алайда бір күннен кейін ол қайта миллиардерлер тізімін басқарды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации