Мас полицей жазықсыз адамға оқ жаудырған news video

25 февраля, 20:04

Таиландтың курортты Патонг қаласында 23 ақпанда таңғы 6-да полиция бөлімшесіне Бангла көшесінде жарақат алған жігіт туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер 25 жастағы жігіттің жарақат алуына мас полицей кінәлі екенін анықтаған. 

Алматы, NEGE. Дәрігерлер жігіттің өмірі үшін арпалысып жатқан уақытта, полиция қызметкерлері оқ атты деген күдікті Пхукет полициясының капралы Порнтеп Чарннаронды ұстады. Оның мас болғаны соншалық, ол қылмыс болған жерден алыс кетпеген және қалтасынан 9 мм калибрлі тапанша, 9 гильза және екі оқ табылған. 

Қазіргі уақытта жарақат алған кеспе сатушы жігіт Пхукеттің Вачира ауруханасында ауыр халде жатыр. 

Пхукет полициясының басшысы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында, күдіктіден әзірге сұрау алынбағанын айтты, өйткені ол әліде мас күйде екен. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации