Қыз алып қашқандар ұсталды

30 октября, 16:10

Фото: inform.kz

Қарақалпақстанда қыз алып қашып, оны тұрмыс құруға мәжбүрлегендер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы ІІМ жанындағы тергеу департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. «13 қазанында сағат 20:00 шамасында 3 азамат 24 жастағы қыз баланы қарсылық білдіргеніне қарамастан алып қашқан. Оқиға Қанлыкөл ауданының Сари-Олтин және Маденият көшелері қиылысында болды. Жұмыстан кейін үйіне бара жатқан қызды 3 ер азамат «Nexia-2» автокөлігіне мәжбүрлеп отырғызып, Бустан ауылындағы үйлердің біріне апарған. Қазіргі таңда осы факті бойынша Қанлыкөл ауданының ІІБ жанындағы тергеу тобы Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 136-бабының 1-бөлігі (Әйелді некеге тұруға мәжбүрлеу немесе некеге тұруға кедергі жасау) бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген Өзбекстан Республикасы ІІМ жанындағы тергеу департаментінің сайты таратқан мәліметте. Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша, күдіктілерге 25 базалық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, 360 күнге дейін міндетті қоғамдық жұмыстарға немесе 3 жылға дейін түзету жұмыстарына тарту жазасы қарастырылады. Сондай-ақ, сот шешіміне байланысты 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации