КХДР билігі коронавирустың жаппай таралуын жасырып отыр - дәрігер

29 ноября, 16:33

Фото: ғаламтордан

КХДР билігі коронавирустың жаппай таралуын жасырып отыр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сеулде өткен баспасөз конференциясында 8 жыл бұрын Солтүстік Кореядан қашып келген дәрігер мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір Чой Чон Хун Седжондағы Корея университетінде жұмыс істейді. Дәрігердің болжамы оның тәжірибесіне негізделген. Ол 2002-2003 жылы атиптік пневмония эпидемиясы кезінде жұмыс істеген.

"Корей Халық Демократиялық Республикасының билігі адамдарға шындықты айтып жатқан жоқ", - дейді ол.

Дәрігер Чой Корей түбегінің солтүстігінде медициналық жабдық жеткіліксіз екенін баса айтты. Биыл "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымы Солтүстік Кореяға көмек жібергені ресми түрде жарияланды. Елдің Қызыл Крест ұйымы коронавирусқа 10 мың сынақ өткізуге арналған жабдықтар алды. Дәрігердің айтуынша, барлық көмек Пхеньянда қалады. Сондықтан басқа аймақтарда COVID-19 анықтайтын ешқандай жабдық жоқ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации