Италиядағы COVID-19 бойынша жағдай тұрақтала бастады

01 декабря, 18:43

Фото: VESTI BG

Еуропада пандемияның бірінші толқынынан ең ауыр зардап тартқан ел Италияда соңғы екі аптада ахуал тұрақтала бастады.

Алматы. NEGE. Жалпы індет басталғалы Италияда бір жарым миллионнан аса адам коронавирусты жұқтырып, 55 мыңы одан қайтыс болды. Қазір бүкіл ел аумағы індеттің таралу қарқынына сәйкес түрлі түспен белгіленген үш аймаққа бөлінген. Сарапшылардың пікірінше, Рождество мейрамы қарсаңында үкімет қызыл аймақта сақтық шараларын күшейтіп, қызғылт пен сары аймақтарда жеңілдетуі мүмкін. Дегенмен Италия тұрғындарына Рождество мейрамын қауіпсіздік шараларын сақтап, қарсы алуға тура келеді. Оған әлеуметтік арақашықтық сақтау мен маска тағу ережелері жатады. Италия үкіметі 4 желтоқсанда мәжілісін өткізіп, алдағы екі аптаға шектеу шаралары жөнінде жаңа шешім қабылдауы тиіс деп жазады дереккөз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации