Халықаралық резерв - $90 млрд

01 июля, 09:09

Фото: investors.com

Қазақстанның халықаралық резерві 1 маусымда $90 млрд. болды, деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Aлматы. NEGE.  «Елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,5 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша 2020 жылғы мамырдың соңында 90,0 млрд АҚШ доллары болды», - делінген сейсенбіде таратылған Ұлттық банк хабарында.
Ақпаратқа сәйкес, ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2020 жылғы мамырда алдын ала деректер бойынша 31,5 млрд АҚШ долларына дейін 3,1%-ға немесе 951,2 млн АҚШ долларына ұлғайды.
Халықаралық резервтердің өсуі екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шоттарындағы қаражаты өсуімен, сондай-ақ Ұлттық қорға алтынды жоспарлы сатумен байланысты болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации