Енді жолды роботтар жөндеуі мүмкін

31 октября, 21:29

Фото: google.com

Ливерпуль университетінің инженерлері жолдарды тиімді жөндеу үшін робот жүйесін жасау бойынша жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Unilad.

Алматы, NEGE. Жыл сайын Ұлыбритания жолдарға қызмет көрсетуге шамамен бір миллиард доллар (433 миллиард теңге) жұмсайды. Алайда бұған қарамастан, сарапшылардың айтуынша, 2018 жылы жолдардағы шұңқырлар 517 жол-көлік оқиғасына себеп болған.

Robotiz3d техникалық директоры Себастьяно Фичердің айтуынша, автономды робот жол жамылғысындағы шұрық-тесіктерді өз бетінше анықтай алады, олардың маңызын бағалап, жамылғы жарыла бастағанда шұңқырдың пайда болуына жол бермейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации