Байденнің жеңісі расталды

20 ноября, 13:19

Фото: ғаламтордан

Джорджияда (АҚШ) бюллетеньдер қайта қолмен саналғанан кейін штаттардағы 3 қарашада өткен сайлау жеңімпазы Джо Байден екені расталды. 

Алматы, NEGE. Джорджия вице-губернаторы Бред Раффенспергер өз сайтында 150 округтің 5 миллионнан аса бюллетенін қайта өңдеу нәтижелерін жариялады.

Байден 12 284 дауыспен жеңгені хабарланды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, республикашыл Дональд Трамп 2 462 857 дауыс жинаған, ал Джо Байден - 2 475 141.

"Джорджия тарихындағы алғашқы толық аудит қағаз бюллетеньдерін өңдеудің жаңа жүйесі сайлаудың жеңімпазын дәл есептеп, көрсеткенін растады", - деді Раффенспергер.

Бұған дейін АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп президенттік сайлауда екі негізгі штатта жеңілгені хабарланған болатын. Осыдан кейін Байден Трамптың сайлаудағы жеңілісін мойындағысы келмеуі - жауапсыздық екенін атады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации