Райхан Оразханқызы: Тау туризмінің болашағына сенемін news video

30 января, 19:23

Табиғат пен адам арасында ерекше байланыс бар. Әр күнін табиғат аясында өткізетін мамандар сөзімізге дәлел.

Ару қала Алматының көркі – «Іле-Алатау» ұлттық паркі. Осы аумақта еңбек ететін мамандар жайын бірі білсе, бірі білмес. Мәселен, табиғатты қорғап жүруді өзіне мақсат еткен арнайы адамдар бар екенін білесіз бе? «Іле-Алатау» паркінің «Алма-Арасан» шатқалында қызмет ететін Райхан Оразханқызы осындай абзал жанның бірі. Қарамағындағы орманшыларға, тау баурайына келген туристерге табиғаттың тылсымын дәріптеуден шаршамайтын маманмен арнайы тілдескен едік.

«Тау туризмін дамытуда еріктілер еңбегі ерен. Оны жоққа шығара алмаймыз. Жыл өткен сайын еріктілер қатары көбейіп келеді. Жалпы, отандық туризмге бет бұрып, оны дамытушылар пайда бола бастады. Бір ғана Алма-Арасан шатқалындағы келушілер орталығы сөзімізге дәлел. Орталыққа келген туристер аумақты кеңінен тани бастады. Бұл қуантарлық бастама», – дейді Райхан Оразханқызы.

Осы аумақтағы мамандар жаңадан ашылған визит-орталыққа ауысқанына қуанышты. Визит-орталық тауға келушілер қажетті ақпарат алатын, туристерге қызмет ететін, елдегі экотуризмді қалыптастыруға бағытталған ошақ. Орталық жұмысын еліміздегі ұлттық парктарда экотуризмді дамытып жатқан оператор компания Turanga Group ұйымдастырды. Қазір орталықта келушілерге таудағы қауыпсіздік бойынша лекциялар оқылады, отандық флора мен фауна бейнеленген сувенирлер сатылады, түрлі сүрлеулер мен соқпақтардың карталары бар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации