Алматыда жаңа демалыс орталығы ашылды

14 января, 17:31

Фото: nege.kz

Алматының Аюсай шатқалында визит-орталықтың ашылуы болды.

Алматы, NEGE. Іле Алатауының бөктеріндегі Аюсай шатқалындағы визит-орталықта ақпарат беру залы мен бағыт көрсетіп жіберетін кластардың ашылуы болды. Ашылуға қоғам белсенділері, БАҚ және министрлік өкілдері қатысты. 

Визит-орталықтың модулы экологиялық материалдан, яғни отандық өндірістің ағаш конструкциясынан құрастырылған. Оның іргетасы бетон емес, метал құрастырмасынан тұратын геошегемен жасалған. Бұл жобаны Сингапурдың белгілі архитекторы дайындаған.

«Аюсай шатқалында орналасқан бұл визит орталықтың ерекшелігі көп. Әсіресе, жөндеу жұмыстары тек экологиялық өнімдермен жасалған. Бұл орталық демалушылар мен туристерге ұзақ уақыт қызмет етеді деп ойлаймын», – деді қоғамдық кеңестің мүшесі Мұрат Әбенов.

Визит – бұл демалуға келушілер алғаш ақпарат алатын орын. Туристер осы орталықтан Іле Алатауы паркінде не бар екенін, қайда бару керегін біліп алады.

Орталық толықтай заманауи қажеттіліктермен жабдықталған. Тіпті, соңғы үлгідегі бұйымдар экологиялық өніммен көмкерілген.  

Визит-орталық жұмысы негізінде экотуризмді дамыту идеясы туып, бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Зоология институтымен меморандумға қол қойылса, алда бұл қатарға "Тұран" университеті қосылады екен. Жыл басынан бері Аюсай шатқалына экологтар, зоолог-ғалымдар, биологтар зерттеу жүргізген болатын. 

«Визит орталық тек біз үшін емес, барлық қала тұрғындары мен қал қонақтарының, туристердің үйі деп айтуға болады. Техникалық ашылудан кейін бір күнде 300 адамға дейін қабылдадық. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жуық арада қаладан визит орталыққа дейін қоғамдық көлік қатынасы реттелмек. Сол кезде осы мекенге бет бұратындар саны да едәуір арта түседі», – дейді  «Туранга Групп» компаниясының басшысы Александр Кужавин.

Визит-орталықтан кішкентай балаларға арналған Жас қайың демалыс орнына баратын жаяу жүретін жол басталады. Сондай-ақ, Аюсай сарқырамасына баратын жол, «Ескі жапон жолы» тепшегімен жүретін жол шығады. Олардың арнайы карталық схемасы бар.

Орталыққа аялдағандар өздеріне қажетті бұйымдарды сатып алса да болады.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации