Шәріпова жеңіске жетті

31 октября, 20:52

Фото: google.com

Мәскеу қаласындағы «Кеңестер қанаты» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті.

Алматы, NEGE. Онда қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өнер көрсетті.

Шәріпова сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) айқасты. Сегіз раундқа есептелген жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Фируза Шәріпова профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді.

26 жастағы спортшымыз үшін бұл – 2020 жылғы екінші айқас. Бұған дейін ол тамыз айында Танзания өкілі Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации