Мария Агапованың келесі қарсыласы кім?

30 июня, 15:11

Фото: google.com

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапова UFC-дегі жеңісінен кейін не себепті америкалық Шэне Добсонды айқасқа шақырғанын айтты, – деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Алматы, NEGE. Мария Агапова – UFC турнирінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық қыз.

Еске сала кетейік, 13 маусым күні Лас-Вегаста кездесудің үшінші минутында ол америкалық Ханна Сайферсті жеңген болатын.

«UFC-де менің алғашқы қарсыласым кім болатыны туралы мәселе талқыланғанда Шэна Добсонның есімі аталды. Алайда ол бас тартты. Мен неге екенін білмеймін. Мүмкін, коронавирусқа байланысты жағдайын ойлап, сол үшін бас тартқан болар. Көптеген спортшылар тәуекелге барғысы келмейді. Бұл себеп болуы да, болмауы да мүмкін. Бірақ ол себебін түсіндіріп, жауап беруден бас тартты. Содан кейін менің жаттықтырушым Мохаммед Лаваль «Мүмкін, жекпе-жектен кейін Шэна Добсонды айқасқа шақырарсың? Ол сен үшін жақсы қарсылас болар еді» деді. Мен «неге шақырмасқа» дедім де, UFC-дегі айқастан кейін оны жекпе-жекке шақырдым. Ол келісті. Енді біз 22 тамызда жұдырықтасамыз», – дейді Мария Beyond the Cage подкастына берген сұхбатында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации