Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

08 апреля, 11:53

Фото: ғаламтордан

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлады УЕФА. 

Алматы, NEGE.  Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы мюнхендік «Баварияға» қарсы матчта (3:2) франциялық ойыншы дубль жасады. Осылайша, Мбаппе Чемпиондар лигасы 1/8 және 1/4 финалының сырт алаңдағы ойында бес гол салған бірінші футболшы болып отыр.  Чемпиондар лигасындағы ПСЖ – «Бавария» командаларының қарымта кездесуі 13 сәуірде Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өтеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации