Қазақстанның бірінші ракеткасы жеңіске жетті

14 сентября, 18:51

Фото: google.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA турнирін жеңіспен бастады.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін Ресейдің бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Екатерина Александровамен өткізді.

Е.Рыбакина биыл Қытайдағы Шэньчжэнь турнирінің финалында және АҚШ-тағы Цинциннати жарысының алғашқы айналымында Е.Александровадан ұтылып қалған еді. Бұл жолы бәсеке басқаша өрбіп, Е.Рыбакина бірінші сетте қарсыласын тас-талқан етті – 6:0. Екіншісінде де 6:4 есебімен меселін қайырды.

Бар болғаны 1 сағат 1 минутқа созылған матчта осы доданың 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 6 брейк жасаса, ресейлік спортшы бір ғана брейкпен жауап қайырды.

Осылайша бұған дейін Е.Александровадан екі мәрте жеңіліс тапқан Е.Рыбакина қарымта қайтара алды. Ол үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 47-ракеткасы, чехиялық Мария Боузкова немесе рейтингте 63-сатыдағы аустралиялық Айла Томляновичтің біреуімен таласады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации