Хоккей: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

01 декабря, 19:48

Фото: inform.kz

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. Екі команда да биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Екеуі де турнир кестесінде төменгі орындарда тұр. Сондықтан олар жеңіске жету жолында бар күшін салатыны анық болатын. Бүгінгі кездесудің бірінші кезеңінде елордалық клуб жинақы қимыл көрсетті. Шабуылға жиі шықты. Нәтижесінде Роман Старченко 11, Якоб Лилья 12-минутта мергендігімен көзге түсті. Айта кетерлігі, бүгінгі кездесуде ресейлік клуб хоккейшілері жиі тәртіп бұзды. Осылайша «Барыс» қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасынан басым түсті. Айта кетерлігі, осылайша «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Енді «Барыс» 4 желтоқсанда елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации