Головкин тағы бір жасқа қартайды

08 апреля, 14:41

Фото: nege.kz

Бүгін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің туған күні. Отандасымыз 39 жасқа толды.

Алматы, NEGE. Головкин үздік боксшылар рейтингінде 22-орында, сондай-ақ BoxRec нұсқасы бойынша спорт тарихындағы үздік Азия боксшылары рейтингінде екінші орында тұр. Ол 5 жұлдызды BoxRec бағалаған алты кәсіби жекпе-жекті жеңген.

GGG Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақ тарихындағы нокаут бойынша пайыз көрсеткіші ең жоғары боксшы ретінде енген. 

Айта кетейік, кәсіпқой карьерасында 43 жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 41-ін жеңіп, оның ішінде 36-сын мерзімінен бұрын аяқтаған. Соңғы жылдары ол Ванес Мартиросян, Стив Роллс, ал кейінгі жекпе-жекте Камил Шереметаны жеңген. 

Еске салайық, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та өткізіп, поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалған еді, бұл - рекорд көрсеткіш.  

Головкин келесі жекпе-жегін мамырда өткізуі мүмкін, оның қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия немесе жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін екені айтылады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации