Дзюдошыларымыз күміс алды

10 апреля, 18:00

Фото: google.com

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының командалық сынында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Бішкекте өтіп жатқан Құрлықтық біріншіліктің финалында ел құрамасы Оңтүстік Кореяға 4:2 есебімен жол берді.

Жансай Смағұлов пен Зере Бектасқызы командаға ұпай алып келсе, Севара Нишанбаева, Ислам Бозбаев, Камила Берліқаш және Ерасыл Қажыбаев қарсыластарын жеңе алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатын жекелей сында 1 күміс, 2 қола, командалық сайысты күміс жүлдемен аяқтады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации