Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі салынады

23 февраля, 19:51

Фото: google.com

Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды. Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес салынбақ.

Алматы, NEGE. Жаңа нысанның құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. Аумағы 320 орындық болатын спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады деп жоспарланған.

«Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады.

Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа спорт кешенінің жобасымен танысып, мақұлдады.

Аймақ басшысы сондай-ақ, Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Құрылысшылармен кездесіп, алаңдарда сақтық пен карантин шарттарын күшейту керектігін ескертті. Қажет болған жағдайда тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации