Спорт

20.01.21 Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық ауыр атлет, Рио Олимпиадасының чемпионы Ниджат Рахимов допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемені ол Instagram парақшасында жариялады.

20.01.21 Қуат Хамитовтың соты кейінге шегерілді

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында көпті зорлық-зомбылыққа шақырды деп айыпталған қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитовке қатысты сот отырысы жалғасуда.

20.01.21 «Қайрат» командасына неміс шабуылшысы келді

 «Қайрат» командасына неміс шабуылшысы Штрели Мамба келді.

19.01.21 Олимпиада чемпионы допинг үшін спорттан шеттетілді

Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін уақытша спорттан шеттетілді, делінген Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайтында. 

18.01.21 «Миланның» екі ойыншысы коронавирус жұқтырды

«Милан» футбол клубының екі ойыншысы, Тео Эрнандес пен Хакан Чалханоглу коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz. 

17.01.21 Бокс: қыздарымыз 5 алтын медаль жеңіп алды

Сербияда әйелдер арасында бокстан халықаралық Ұлттар кубогы жарысы аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

17.01.21 Мейірім Нұрсұлтанов қатысатын АҚШ-тағы бокс кеші өтпейтін болды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов қатысатын АҚШ-тағы бокс кеші өтпейтін болды.

16.01.21 Тобылдық футболшы Франция чемпионатына ауысты

Қостанайдың «Тобылы» мен Грузия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джаба Канкава Франция чемпионатына ауысты.