Кривошеев: Балалар омбудсмені орынтағы үшін «қанды қырғын»

12 октября, 20:28

Фото: ғаламтордан

Елімізде балалар омбудсменін ауыстырудың кезекті ақпараттық науқаны басталды. Иә, кезекті. Себебі, мұндай жайт бірнеше жыл бұрын да болған. Қолданылған құралдары да бірдей. Ол кезде басты қатысушылардың жоспарлы әрекет жасауға уақыты болған. Алайда қамшы салдырмастан, омбудсмен «билігі» өздігінен ауысқан-ды. Қазір кейбір тұлғалар үшін мәселе бірнеше күннің төңірегінде шешілуі тиіс. Сондықтан олар қатаң әрі құйтырқы әрекеттерге бел шешіп кірісіп кеткен. Ол кезде де, қазір де бір нәрсе анық: балалар ісі жөніндегі өкілетті тұлғаның лауазымы – әулиенің орны емес, нақты мүдделерді алға тартудың үлкен мүмкіндігі.

2018 жылдың 12 наурызында қазақстандық БАҚ-тардың бірінде «ОҚО мектебінде жоғары сынып оқушылары 7 жасар баланы бірнеше ай бойы зорлап келген» деген тақырыппен мақала жарияланды. Бұл қоғамды қатты дүрліктерді. Желілерде ашу-ызасын бұрқыратып, ОҚО-дазорлыққажолжоқ# хештегі іске қосылған. Кешке қарай ОҚО ІІД парақшасында істің тіркелгені туралы хабарлама пайда болды.

13 наурызда кешқұрым қоғам қайраткері Ауржан Саин өзінің Facebook парақшасында ОҚО-дағы бала жайында мәлімдеме жариялады:

«Біз ақылдаса отырып бір тоқтамға келіп отырмыз. Өңірдегі әрекеттерге сенімнің жоқтығын ескере отырып, бұл жағдайға кәсіби мамандар тарапынан тәуелсіз баға беруге көмектесуге тиіспіз. Біз мән-жайды тексеруде барынша әділ және объективті боламыз».

Келесі күні балалар омбудсмені Зағипа Балиева сөз алды:

«Ішкі істер басқармасының бастығымен сөйлестім. Менің өтінішім бойынша, зорлық көрген баламен және оның әжесімен кездеседі. Мониторинг тобын жібердім. Олар барлық қатысушылармен кездеседі. Егер қоғам тарапынан сараптамаларға сауал туындап отырса, бұған байланысты мен мынадай шешім қабылдадым: қазір, мониторинг тобы бала мен оның әжесімен кездескеннен кейін, балақайды келесі аптада осы жерге әкелеміз. Біз кешенді, толыққанды сараптамадан өткіземіз. Сол сараптама нәтижесі бойынша шара қабылданатын болады».

Сосын нағыз детектив басталды. Тәуелсіз сараптамадан өтуге Астанаға бармақ болып, әжесі мен баласы қоғамдық қорғаушымен бірге Шымкенттің вокзалына келіп, пойыз күтіп тұрғанда, оларды вагонға кіргізбей қойды. Формасыз адамдар келіп, көлікке отырғызып, ІІД-ге апарған. Кейінірек Балиева ханымның өзі Шымкентке келді. Ол әже мен баланың қауіпсіз жерде екенін айтты. Баланың анасын тапқанын да хабарлаған.

Неге бұлай артық әрекеттердің жасалғаны түсініксіз күйінде қалды. Алайда аяқ астынан келесі күні балақай бір топ адаммен астанаға жетті.

Зағипа Балиеваның барлық әрекеті микроскоппен қаралды. Саинның өзі де, пікірлестері де, БАҚ-та және қоғамдық пікірдің лидерлері де аяусыз іреп жатты. Жүздеген посттар мен қайта бөлісулердің айтқысы келгені біреу еді: «Балиева өз міндетін орындай алмай отыр. Ал Аружан болса…»

Бір айдан кейін Аружан Саин сұхбаттарының бірінде балалар ісі бойынша өкілетті тұлғаға қандай нақты кінә тағатыны жайында әңгімелеп берген. «Абай оқиғасынан» басқа. Соның бірі омбудсменнің балалар үйіне қоғам белсенділерін кіргізбеу, бақылайтын қамқорлық кеңестерін құру керектігі жайындағы мәлімдемесіне қатысты еді. Саин мұндай ұсыныстардың жаға ұстатқанын айтқан. Ол балалар мекемесінің (балалар үйлері, мүмкіндіктері шектелген, ментальды және психикалық денсаулығында ақауы бар балалардың интернаттары) тым жабық екенін тілге тиек еткен. Олардың қызметін ешкім тексере алмайды. «Омбудсмен орынтағына отыруға дайынсыз ба?» деген сауалға Саин «халық сұрамаса, маған керек емес» деп мәлімдеме жасаған.

Қалай болғанда да, Балиева қызметінен кетті. Аружан Президент Тоқаевтың бұйрығымен былтыр оның орнына келді.

Ешкімнің таласы жоқ, Аружан Саинның ауру балаларды, жетім балаларды асыруды және басқа да мәселелерді қолдау жұмыстарында еңбегі ерен. Бірақ бұл істі жалғастыра беру үшін омбудсмен болу міндетті дүние емес. Онда неге келісті? Жауабы оңай. Бұл жөнінде мен былтыр қараша айында жазғанмын.

Қоғамға балалар үйін жабу идеясының таңылып келе жатқанына көп уақыт болды. Балалар ісі бойынша өкілетті тұлға Аружан Саин депутаттардың алдында: «Қазақстандағы барлық балалар үйін баяғыда-ақ жауып тастауға болар еді. Бірақ бұған селқостық танытып жүрген лауазымды тұлғалар кедергі жасап жүр. Сіздер отырыс өткізіп жүрсіздер. Бұл жерде отырғандардың бәрі бірдей бұған бей-жай қарамас. Жүйе балаларды құртып жатыр. Зорлап жатыр. Моральдық тұрғыдан да, сексуальдық тұрғыдан да. Зорлық көрген балалармен сөйлесіп жүрмін. Соның ішінде балалар мекемесінің қабырғасында да зардап шеккендер бар. Зорлықты басынан өткерген ересектермен де араласып тұрамын».

Автоматты қолға алып, атып тастау туралы ой – бұл жерде басқа келетін ең ізгі іс секілді көрінеді. Алайда зорлықшыларды қорғаушылар да бар. Олар – сатқын «белсенді блогерлер», «қоғамдық белсенділер».  Сонымен қатар әріптестерімен қарым-қатынасын үзгісі келмейтін бейғам «лауазымды тұлғалар».

Ересектер тиісті қамқорлық көрмей жүрген балаларға байланысты мемлекеттің барлық түйткілдеріне жауап ретінде, жарым жыл бұрын азаматтық белсенділер тобы «Бала асырау жөніндегі ұлттық агенттік» атты жекеменшік қор құрған еді. Сондай-ақ парламентке «агенттіктің» мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекітуге ұсыныс жасаған. Заңшығарушылар «бұл ұсыныс шикі, барлық балалардың мүддесіне сәйкес келе бермейді» деп тапқан. Күн тәртібінен заңға енгізілетін түзетулерді алып тастайтын күнделікті қауырт жұмыс басталған. Бұл авторлардың көңілінен шықпаған-ды.

20 қарашада бизнесмен Айдын Рахымбаев – «бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» қорының құрылтайшыларының бірі күтуден жалғып, идеяны бұзып жатқан бірқатар мәжіліс депутаттарына сенімсіздік вотумын жариялауды ұсынған.

«Депутат Балиева 29 қазанда әріптестеріне бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттік құру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді қарастырмауға шықырыпты. Әлі қарастырылмаған! Мәжілісте тыңдалым жасаудан бүгін де  бас тартыпты. Бұл түзетулердің қаралу мерзімінің бітуіне 5-6 ғана жұмыс күні қалды. Бұл жолы 27 қарашаға дейін қабылданбаса, келесі заңды 1,5-2 жыл күтуге тура келеді!», – деп наразылығын айтқан.

Бала асырып алуды бақылау Рахымбаевқа не үшін керек? Оның үстіне, «үлкен бизнесмендердің тобы» қаражаты есебінен? Қор құрылтайшылары – үш олигархтан тұратыны белгілі: BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, Technodom Operator АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және KazTransCom АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдірахманов. Қордың негізгі міндеттері – «жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбие беруге орналастыру, бала асырап алу мәдениетін дамыту және қоғамда отбасының рөлі мен престижін бекітуге жәрдемдесу».

Айналып келгенде, «агенттік» лайықты отбасын таңдаудан бастап, бала асырап алуға толық бақылау орнатпақ. Іс жүзінде қор қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс мәселесінде мемлекеттің орнын басуды көздейді. Бұл үшін қор барлық балалар үйін тегіс бақылауға алмақ.

Рахымбаевтың постынан мықты лобби анық көрініп тұр:

А.Рахымбаев

«Бала асырып алу жөніндегі агенттік туралы заңға енгізілетін түзетулерге қатысты Ақордада үлкен кездесу өтті. Құрамы өте мықты болды. Жетекшілік атқаратын министрлер, біз, депутаттар (қарсыларды да қосқанда), Балалар құқығының және Президент әкімшілігінің өкілетті тұлғасы Аружан Саин да бар. Барлық тараптардың пікірлері мен дәйектері тыңдалды. Құрылымы, форматы бойынша сұрақтар бар. Бірақ мазмұнына қатысты сауалдар туындаған жоқ. 25 желтоқсанға дейін түзетулер Парламентте тыңдалымнан өтіп үлгеруі тиіс. Сосын Сенатта».

Алайда, бір кілтипан шыққандай. «Ұлттық агенттік» кеңес беруші ұйым шеңберінен шықпай қалды. Аружан Саин жұмысты қожыратып алды. Не істеу керек? Сахнаға басқа қоғам белсенділері шығып жатыр. Осы жерден таңқаларлық оқиға өрбіп отыр. Бұрын ешқандай «науқаннан» көрінбеген екі адам балалар омбудсменіне тікелей соғыс жариялады. Олар – журналист Дана Орманбаева мен сексуальды зорлықпен күрескер Динара Смаилова.

Осы сәтте 2016 жылы елді дүрліктірген Алматыдағы №1 балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан он жастағы баланың зорлану оқиғасы қайта еске түседі. Осы балалар үйінің түлегі Серік Асылбеков асырау орнынан кеткен соң, тәрбиелеушілеріне келіп тұрған. Бір жетім бала Серіктің зорлық көрсеткенін айтқан. Ересек жігіт оны шешіндіріп, өзі де шешініп, баланы ұрған. Маусым айында тағы екі жетім – бір ұл мен қыз – Серіктің әлімжеттік жасағанын айтқан. Соңында қыз бала айтқан сөзінен бас тартқан.

Осындай мәлімдемелерден кейін Серік Асылбеков сотталушылар орынына отырған. Осы кезде педофилге сексуальды зорлыққа қарсымыз дейтін «Немолчи.КЗ» қозғалысының лидері Динара Смаилова араша түскен. Балалар үйінің директоры да «өздері кінәлі» деп педофилдің құрбандарын айыптаған еді. Серіктің достары бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай «ол талантты суретші» деп айғайға басқан. Құдды суретшілік одан әулие жасайтындай.

Д.Смаилова

Бірақ жасырын пабликтерде мүлде басқа ақпарат пайда болған. Мәселен, Серік бір миссионерлермен жақын араласатын көрінеді. Оны қорғау кампаниясы осы шетелдіктердің еркі бойынша ұйымдастырылыпты. Бұл ересек ағатайлардың ешкімге керегі жоқ, құқықсыз, сұраусыз жетімдер тұратын жабық мекемелерде қандай мүддесі бар екенін көзге елестетудің өзі қорқынышты.

Бір нәрсе айқын болып келеді. Динара Смаилова шетелдік қожайындарының миссиясын орындай алмады. Серік Асылбеков сотталып кетті.

Саин мен Смаилова арасындағы жанжал осы кезде шықты. Өйткені, Аружан зорлық құрбандарына белсенді қолдау көрсетті. Қазір Аружан Саинды жамандап жүргендер омбудсменге Лиза Пылаеваның өліміне қатысты іске «қатыспады» деп кінә артып жүр. Бұл қамқоршы екі жұп: «Саин тергеуге қысым көрсетіп, Пылаевтар отбасын қолдамады» деп ашық айтып жүр. Сонда Лизаның мамасы мен оның туыстарына бар кінәны артатын «халықтық тергеуді» қолдауы керек екен.

Д.Орманбаева

Бұл екі әйел – Орманбаева мен Смаилова риясыз әрекет жасап жүрген жоқ-ау деген ойға қалдырады. Сүйек үстіндегі кросс-маркетинг емес пе, бұл? Орманбаеваға қоғамдық бедел керек, ал омбудсменнің лауазымы одан да жақсырақ болар. Оқиға Балиева мен Саин арасындағы текетіресті еске түсіреді. Өкілетті тұлғаның көздің жауын алатын орынтағы бар. Оның үстіне, «мұның маған қажеті жоқ» деген Орманбаеваның тым ойнақы мәлімдесі тағы бар. Дәл 2018 жылғы Саин-2.

Ал Смаиловаға жай ғана нәпақа айыру керек. Ол еш жерде жұмыс істемейді. Оған сенім аздау, демеушілерінің жарналары (әйтеуір қоғамға белгілісі) жоқ.

Смаилованың саентология ағымының белсенді ұстанушысы екені құпия емес. Ал оның посттары, енді Орманбаеваның да постары, сектанттық үгіттерге қатты ұқсайды: Қарша бораған хештегтер, капслокпен қоршалған сөздер. Арасында топырлаған боттарының қарасы көп «бөлісушілер» зомби секілді «серкесі» басқан хэштегтердің астында қаптап жүр.

Орманбаева мен Таңсары қызметіндегі боттар – бөлек әңгіме. Олар Дана мен Динаның, Алексанрр мен Алла Пылаеваның, оның пікірлестері мен қарсыластарының посттарының астында өріп жүр. Оларды анықтау да оп-оңай.

Балаларды қорғаумен кімнің айналысып, кімнің бел шешіп айналысқысы келіп жүргені жайында ойланып көрейікші. «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» ұйымдастырушылары қоғамдық белсенді Орманбаева мен педофильдердің қорғаны Смаиловаға бәс тігіп отырған жоқ па? Лиза Пылаеваның оқиғасы балалар омбудсмен орынтағы үшін шайқастың ілігі ғана болып кеткен секілді ме, қалай? «Өкілетті тұлғаның креслосы маған керегі жоқ» дегендерді біз бұдан екі жыл бұрын көріп қойғанбыз. Саин енді Зағипа Балиеваға қазған орына өзі түсіп отыр. Ал саясаткер және қоғам қайраткері ретінде танытқан Балиеваға ештеңе дәлелдеудің қажеті де жоқ. Бұл ақпараттық соғыстан Саин қандай олжамен шықпақ?

Жақын арада Орманбаева мен Смаилованың ботофермасының қалай жұмыс істейтінін, танымал тұлға Татьяна Корольдің (Кудрявцева) қандай рөл ойнайтынын  айтамын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации