Облыстық аурухана басшылығы дәрігерлерге төленетін үстемақыны кімдерге бөліп берген?

08 апреля, 15:39

Фото: ғаламтордан

Індет өршіген тұста дәрігерлерге төленуі тиіс үстемақыны кімдер талан-таражға түсіргені белгілі болды. 

Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның басшылығына және қызметкерлеріне қатысты СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес іс-шараларына жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге көзделген үстемеақыны әкімшілік қызметкерлерге заңсыз төлеу және басқа да заңсыз әрекеттер бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық ісі тергелуде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның басшылығының және қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде заң бұзушылықтары орын алғаны анықталған.

Сол себепті, Маңғыстау облысының әкімдігіне және Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасына ҚР ҚПК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнiндегі шаралар қолдану туралы ұсыну енгізілген.

Қазіргі уақытта осы ұсыну аталған құзырлы органдармен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшылығының қатысуымен қаралып, нәтижесімен «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның кінәлі қызметкерлері «сөгіс, қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации