«СҚ-Фармация» экс-басшысының қылмыстық ісі НЕГЕ өзгеріп кетті?

14 января, 16:52

Фото: ғаламтордан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жобасы барысында журналистермен кездесіп, дақпыртты қылмыстық істер бойынша түсініктеме берді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісіне қатысты ол былай деді: «Іспен танысу жүріп жатыр, жақын күндері сотқа жолданады. Тергеу бітті, танысу жүріп жатыр. Не жаза тағайындайтынын сот анықтайды. Адвокаттар бірқатар сұрақтарын қояды. Бап бойынша қызмет бабын асыра пайдалану еді, қазір – салғырттық. Ауыстырды».

А.Шпекбаев. Фото: baq.kz

Берік Шәріптің қылмыстық ісі бойынша бап НЕГЕ ауысып кетті? Алғашқы тағылған айып бойынша (қызмет бабын асыра пайдалану) 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, салғырттық бабы бойынша 4 жылға дейін бас бостандығын шектеуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің екі бабының арасындағы айырмашылықты байқап отырсыз ба?

#скфармация #жемқорлық #пандемия
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации