Президент жаңа шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлық шығарды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.
Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген құжатта.
Бұған дейін Президент алдағы реформалар туралы айтып, Парламентте, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамының алдында үндеу жасайтынын айтқан болатын.