Мұсайбековтің ісі: Қымбат сөмке кімдікі?

22 февраля, 15:08

Фото: vesti.kz

Кеше Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны белгілі болған. Министрліктің баспасөз қызметі оның 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысында болғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. «Время» газеті Мұсайбековтің ісіне қатысты кейбір жайттарды анықтапты. Мәселен, тергеудің версиясы бойынша, Мұсайбеков «оң көзімен қарағаны үшін» әлдебір ЖШС басшысынан пара алған болуы мүмкін. Әлгі ЖШС-ның иесі вице-министрдің жүргізушісі арқылы оған әйелдердің қымбат сөмкесін беріп жіберген. Басылымның дерегіне қарағанда, құны 3 млн теңгеден асатын сөмкені бастығына әкеліп бергенін жүргізушісі мойындаған көрінеді.

Сөмкені не үшін берді? Бұл – фирманың жұмысын жүргізуге жасаған еңбегінің қайтарымы болуы мүмкін. Вице-министр Дубайға ұшып кетпек болған жерінен ұсталғаны белгілі болды. Ал әлгі қымбат сөмке соның алдында ғана жеткізіліпті.

Егер тергеудің версиясы рас болса, Мұсайбеков қымбат сөмкені кімге сыйламақ болды екен, ә? Әйеліне ме, әлде...

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации