NEGE APTA | #16 ШОЛУ news video

14 июня, 12:16

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың несиесін жауып беремін деп ақша алған алаяқты ұстады.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, биыл қаңтар айында бейтаныс жігіт алдап, сеніміне кіріп, несиеңіздің 10% берсеңіз, қалған барлық қарыздарыңызды төлеп беремін деп уәде берген. Осылай алдау арқылы алаяқ тұрғыннан 700 000 теңгесін алып, содан бері жоқ болып кеткен.  Тергеу барысында, полиция қызметкерлері ұсталған адамның тағы да осындай 16 алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Құзырлы мекеме қызметкерлері күдікті адамдардың мұндай ұсыныстарына көңіл аудармауды, заңсыз әрекет етпеуге шақырады.

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 5 айда 24 277 қарыз берілді.
Әлеуметтік тақырыптың көшін бастайтын баспана мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Мемлекеттің осы саладағы бірнеше бағдарламасы бар. Соның бірі жоғарыда айтылған – «Баспана Хит». Ол несімен тиімді? Ең тиімдісі қалаған жеріңізден таңдаған үйіңізді ала аласыз. Ол жаңа салынған немесе сізге дейін біреулер тұрған баспана болса да болады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 11,25 пайыз. Жалпы баспана тақырыбында жазылған материалдар сайтымыздың экономика айдарында.

Әлемді азық-түлік тапшылығы жайлауы мүмкін.
Бұл туралы БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш хабарлайды. Осы күні 820 млн адам аш құрсақ жүр. Коронавирус пандемиясы кесірінен бұл көрсеткіш еселене түсуі ықтимал. Осыған байланысты Гутерриш әлем елдеріне ауыл-шаруашылық саласына ерекше мән беріп, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін қолға алуға шақырады. Ендігі жерде біз де ысырапшылдыққа қарсы күресті бастап кетуіміз керектей. Осы тақырып жөнінде пікір алмасайық, ой бөлісейік. Оның бәрін коментке жазып қалдырсаңыздар болады.

Қазақстанда жылқы шаруашылығы дамып келеді.
Мемлекеттік қолдау мен субсидиялаудың арқасында республикада жылқы саны кеңестік кезеңге қарағанда 1,7 есе көбейді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі. 1991 жылы Қазақстандағы барлық санаттағы шаруашылықтарда жылқы саны шамамен 1,7 млн бас болды. Одан кейінгі нарықтық экономикаға көшу кезінде мал саны күрт азайып, 2000 жылға қарай республикадағы жылқы саны миллионға да жетпей қалған екен.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алуға, қымыз бен жылқы етін өндіруге субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау 2011 жылы іске қосылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстанда бүгінгі таңда жылқы саны 2,9 млн басқа дейін өсіп отыр. Халық санын көбейту деп жүріп, мал санына бей-жай қарамағанымыз абзал. Оның ішінде жылқы малы, ер қанаты екенін ұмытпайық.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации