«Жас өркен» жеңімпаздары анықталды

31 октября, 21:50

Фото: google.com

Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас өркен» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

Алматы, NEGE. «Биылғы байқау ерекше өтіп жатыр. Себебі жарыстың өзі де, марапаттау сәті де онлайн өтуде. Байқау республика бойынша өз деңгейінде өтті. Барлық ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Ерекше айтып өтетін сәт - биылғы байқауда Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының талантты жастары көптеп жеңімпаз атанып жатыр. Барлық жеңімпаздар мен лауреаттарды шын жүректен құттықтаймын», – дейді «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ.

14 номинациядан тұратын аталған байқау 3 кезең бойынша өткізілді.

«Мен өз ұстазыма ризашылығымды білдіремін. Мені биге баулығаныңыз үшін рахмет. Мен сізді жақсы көремін. Сонымен қатар, мені қолдап, өнерімді бағалап дауыс берген қолдаушыларыма алғысым шексіз», – дейді «Жас биші» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Амира Сұлтан.

«Жас өркен» сыйлығының иегерлері:

«Жас зерттеуші» – Темірлан Рақымбаев;

«Жас биші» – Амира Сұлтан;

«Жас суретші» – Гауһар Болат;

«Жас музыкант» – Әнел Данияр;

«Жас қанат» – Альфия Тілекқабыл;

«Жас қалам» – Ақтоты Әбдіқаһарова;

«Жас патриот» – Иван Рябец;

«Жас дарын» – Мәди Пазыл;

«Жас блогер» – Ербатыр Ержан;

«Жас ақын» – Артем Князев;

«Жас толағай» – Таңсұлу Тілеуберген;

«Жас эколог» – Аружан Мусина;

«Жас ерікті» – Данил Рыбин;

«Үздік IT бастама» – Әлішер Жұмаділов.

Айта кетейік, «Жас өркен» – еліміздегі ең дарынды балаларды анықтауға арналған байқау.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации