Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев жазаға тартылуы мүмкін

07 апреля, 16:31

Фото: tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар қатысқан тойдың видеосы пайда болды. Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE.  Видео кадрларынан мереке жас жұптың үйлену тойына арналғанын көруге болады. Іс-шараға қатысушылар арасында Роза Рымбаева, "МузАрт" тобының солисі Сәкен Майғазиев және КешYOU тобының экс-солисі Айдана Меденова болған.

Тойда әнші Сәкен Майғазиев жас жұбайларға арнап тілек айтады.

"Жаман індет жерге енсін. "Сәуір болмай, тәуір болмайды" дейді. Сәуірден бастап тәуір күндеріміз бастала берсінші", - дейді әнші.

Ресми ведомство Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы қазіргі уақытта тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Қазір мекеме әкімшілігімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Видео мұрағатынан іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәлімет алынады", - деп хабарлады мониторингтік топтың өкілдері.

Бұған дейін Алматыда екі той өткізген мейрамхана басшысы жазаланатыны хабарланған болатын. Тойға блогерлер мен әртістер қатысқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации