Кәмшат Жолдыбаева тұрмыс құрғысы келгенімен, әлі бағы жанбай жүргенін айтты

08 апреля, 15:11

Фото: 365info.kz

Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева желіде қызу талқыға қалды. Оған өнер иесінің желідегі сұрақтарға жауап беріп жатқан видеосы себеп болған, деп жазады nur.kz.

Алматы. NEGE. Көптен бері ел алдына шықпай, сұхбат бермей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жанкүйерлерімен байланысқа енді ғана шығып жатыр. Біраз уақыт үнсіздіктен кейін өнер иесі көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруді жөн көрген. Әнші аруға жолданған алғашқы сауалдардың бірі тұрмысқа шығу мәселесіне қатысты болды. Желі қолданушысы одан отбасын құруға деген ниетінің бар-жоғын сұрап, өзінің жары болуға ұсыныс түсірді. Жолдыбаева өз кезегінде тұрмысқа шыққысы келетінін алға тартып, сұрақ қойған азаматқа өзіне тікелей жазуын айтқан. Аталмыш видеоны Кәмшаттың сіңлісі Алтынай түсірген. Ол көлік тізгіндеп келе жатқан әпкесіне желідегілердің қызықты сұрақтарын қойып отырған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации