Жүк көлігі аударылып, 8 адам мерт болды

16 сентября, 16:28

Фото: ғаламтордан

 Хэнань провинциясы (Орталық Қытай) Синьян қаласы Шаняэн уезі аумағында сейсенбі күні жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 8 адам қаза тапты, 11-і жараланды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.  

Алматы, NEGE. Оқиға 15 қыркүйекте таңертең болған. жүк көлігіне тиелген сарымсақ абайсыздықтан жолға шашылып кеткен. Осыны естіген жақын аудандағы тұрғындар оны алу үшін оқиға орнына келген. Кейінірек қиыршық тас тиеген басқа жүк көлігі тура жолдың осы бөлігінде аударылып, сарымсақ жинап жатқан адамдарды басып қалған. Екі адам оқиға орнында мерт болды, зардап шеккен алты адам ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ 11 тұрғын жарақат алған. Жергілікті билік өкілдері қайғылы оқиғаның себептерін тергеу үшін арнайы топ құрды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации