Жапония мен Польшаның ұқсастығы қандай?

01 августа, 13:54

Фото: google.com

Жапония мен Польшада коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ВВС.

Алматы, NEGE. Токио губернаторы қалада Covid-19 жылдам таралып жатуына байланысты төтенше жағдай енгізу мүмкін екендігін айтты.

Тек өткен жұма күні Жапония астанасында коронавируспен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, бір тәулікте 450-ден адамнан коронавирус анықталды.

Қауіпті вируспен ауырғандардың рекордтық көрсеткіші Польшада да тіркелді.

Елде екінші күн қатарынан ауырғандар саны артқан.

Мәселен, Польшада жұма күні 657 ауырған адам тіркелсе, бейсенбі күні ол көрсеткіш 615 болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации