Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

16 сентября, 15:28

Фото: ғаламтордан

Соңғы бір тәулікте вирус 92 мыңнан астам адамнан анықталған.

Алматы, NEGE. Дерттен 1 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Сарапшылар шектеулерді алғаннан алдағы апталарда індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны артатынын айтады. Бірақ билік елде дерттен жазылып шыққандар көрсеткіші 78%-ті құрайтынын алға тартып, жалпыұлттық карантинді қайта енгізуден бас тартқан. 5 миллионнан астам науқастың 4 миллиондайы жазылып кеткен. Бірақ індеттен Үндістан экономикасы сәуір-маусым айы аралығында 24%-ға дейін қысқарып, миллиондаған адам жұмыссыз қалған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации