Ресей шекарасынан өту жеңілдеді

16 сентября, 20:12

Фото: google.com

Ресей үкіметі шетел азаматтары үшін елге кіру тәртібін жеңілдетті.

Үкімет отырысында премьер-министр Михаил Мишустин хабарлағандай, жақын туыстары ішінде Ресей азаматтары бар шетелдіктер елге визаны жеңілдетілген тәртіпте рәсімдей алады.

«Тұрғындарымыздың шетел азаматтығы бар жақын туыстары - ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар, аға-әпкелер, ата-әжелер, немерелер үшін қарапайым жеке визаларды беру және Ресейде болу тәртібін жеңілдетеміз», – деді Мишустин үкімет отырысында.

Ол бұл үшін Ресейден кету және елге кіру тәртібі туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізілетінін нақтылады.

«Мұндай туыстар бір жылға дейінгі ұзақ мерзімді жеке визалар ала алады және мұны біздің азаматтың қарапайым жазбаша өтініші негізінде жасауға болады», – деп түсіндірді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации