Қалалық әкімшілік ғимаратында террористік акт жоспарлаған news video

11 августа, 19:07

Башқұртстан Республикасы Нефтекамск қалалық әкімшілігінің ғимаратында террористік акт жоспарланған.

Алматы, NEGE. Жергілікті тұрғын қолдан жасалған құрылғымен әкімдікке от қоймақ болған. Бұл туралы Башинформ ақпарат агенттігі хабарлады.

«Ол бұл әрекетті мемлекеттік билік органдарының қызметін тұрақсыздандыру және конституциялық жүйеге қарсы наразылық тудыру мақсатында жоспарлаған. Бұған интернетте де белсенді түрде шақырған», – деді республиканың Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының баспасөз қызметінен.

Қаскөй террорлық әрекетке дайындық барысында ұсталды.

«Террористік акт» және «Террористік әрекетті жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қауіпсіздік күштері күдіктінің компьютерін, өрт тұтанатын қоспаларды дайындау әдісі көрсетілген видеолары бар ұялы телефондарды тәркіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации