Стартаптар дәуірі. Қазақстан венчурлық инвесторлар үшін НЕГЕ Орталық Азияның қақпасына айнала бастады?

08 апреля, 15:25

Фото: Nege.kz

Нұр-Сұлтан әлемдегі тез дамып келе жатқан стартап-экожүйелердің рейтингінде екінші орында тұр. Startup Genome есебіне сәйкес, республиканың әлеуеті осылай бағаланған.

Қазақстанның инновациялық IT-экожүйесі 2019 жылы шамамен 32,4 млрд теңге инвестиция тартты, деп жазады, Rusbase. Нәтижесінде, республика электронды үкіметтің даму индексі бойынша БҰҰ-ның әлемдік рейтингінде 29-шы орынға ие. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында қызметтердің 80% -ға жуығы электронды түрде көрсетіледі.

Қазақстан Еуразиялық одақ бойынша стартаптарды қаржыландырудың баламалы тетіктерін заңдастырған алғашқы мемлекет. Краудфандинг жобаларының нормативтік-құқықтық базасын жасауға Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшылары қатысқан болатын. Оның нәтижесінде, елдегі инвестиция тарту, венчурлық қаржыландыру механизмдері әлемдік стандарттарға сай құрылды.

Фото: Astana Hub

Сарапшылардың айтуынша, IT үшін қазіргі кездегі ең қызықты нарық - электронды сауда. Оның көлемі 420 миллион доллардан асады. Сондықтан қазақстандық инкубаторларда осы бағыттағы жобалар көбейген.

«Орталық Азия болсын, Еуразиялық Одақ болсын, британ құқығына негізделген, инвестор жан-жақты қорғалатын және еш салық төлемейтін «Астана халықаралық қаржы орталығы» сияқты арнайы орын еш жерде жоқ», – дейді Экономикалық бастамаларды қолдау қорының сарапшылары.

«МФЦА аясында финтех стартаптарға арналған қадағалаушы «песочницалар» жұмыс істейді. Демек кез-келген стартап идеясын сол жерде тексеріп көріп, егер жұмыс істемей жатса, еш қиындықсыз тастай салуға болады. Сондықтан Нұр-Cұлтан стартап саласында Орталық Азиядағы көшбасшы болып отыр»

Әрине, бүгінде Қазақстанның стартап-кластері Сингапур немесе Кремний алқабы сияқты экожүйемен мақтана алмайды. Бірақ аймақтық орталық болуға барлық мүмкіндігі бар. Тек осы істі аяқсыз қалдырмай, дамудың жаңа кезеңіне шығу керек.

Оны мемлекет те түсініп отырған сияқты. Алдағы бес жылда Қазақстан стартап, инновациялық жобаларды дамытуға 1,2 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отыр.

#стартап #мфца #нурсултан
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации