Қаржылық сараптама
Статистика бойынша комитет Ұлттық бюро болып қайта құрылды да, Ұлттық экономика министрлігінен кетіп, жаңадан ашылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (СЖРА) басқаруына өтті. Одан не өзгереді?
Келесі жылы қаржы нарығына зейнетақы жүйесінен триллион теңгеден астам сома келеді. Ол ақшаны нарық игере ала ма? Әлде бұл нарықтың қызып, «көбікке» айналуына әкеле ме?
Түнгі революцияны бастан кешірген Қырғызстан бір күнде 7 миллион доллар жоғалтты. Ал Беларусь IT-компаниялар елден кетіп қалса, валюта кризисін бастан кешуі мүмкін
Келесі жылы 720 мың адам 1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинағын шешіп алуы мүмкін. Мамандар ол ақша түгелге дерлік баспанаға жұмсалатынына сенімді. Демек, бізді 2005 жылғыдай үй нарығындағы ажиотаж күтіп тұр.
Сарапшылар Jysanның АТФ банкін сатып алу мүмкіндігі туралы жиі жаза бастады. Бірақ екі банк тарапынан, не ҚНРДА тарапынан оған қатысты еш ресми ақпарат жоқ.
Біріккен Араб Әмірлігінің алпауыты, әлемдегі ең көрікті ғимараттардың бас мердігері «Arabtec Holding» құрылыс компаниясы жабылмақ. Қазір оның еншілес ұйымы Нұр-Сұлтандағы «Абу Даби Плаза» ғимараттар кешенінің құрылысын аяқтап қалды.
Баку мұнайлы өлке болғандықтан, қақтығыс салдарынан мұнай бағасы өседі деген үміт болған. Бірақ ол орындалмайтын сияқты. Брент баррелінің Нью-Йорктегі фьючерсі 42 доллардан аспай қойды.
Осыдан екі ай бұрын Қазақстанда 700 мың адам жұмыссыз жүрді. Үкімет жұмыспен қамтуға триллион теңге жұмсамақ. Бірақ осы қаржыны жұмсау жолдары жұмыссыздықты азайтады дегенге сарапшылар сенбей отыр.