Қаржылық сараптама

07.10.20 «Қаржы-құбыжық» нарықты «көбікке» айналдыруы мүмкін бе?

Келесі жылы қаржы нарығына зейнетақы жүйесінен триллион теңгеден астам сома келеді. Ол ақшаны нарық игере ала ма? Әлде бұл нарықтың қызып, «көбікке» айналуына әкеле ме?

06.10.20 Ақша, кет! НЕГЕ революцияның бағасы қымбат?

Түнгі революцияны бастан кешірген Қырғызстан бір күнде 7 миллион доллар жоғалтты. Ал Беларусь IT-компаниялар елден кетіп қалса, валюта кризисін бастан кешуі мүмкін

06.10.20 Алтынмен апталған баспана. 2021 жылы үй бағасы НЕГЕ күрт қымбаттайды?

Келесі жылы 720 мың адам 1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинағын шешіп алуы мүмкін. Мамандар ол ақша түгелге дерлік баспанаға жұмсалатынына сенімді. Демек, бізді 2005 жылғыдай үй нарығындағы ажиотаж күтіп тұр.

05.10.20 Жусан операциясы. Jysan мен АТФ Банкке қатысты сыбыс НЕГЕ көбейіп барады?

Сарапшылар Jysanның АТФ банкін сатып алу мүмкіндігі туралы жиі жаза бастады. Бірақ екі банк тарапынан, не ҚНРДА тарапынан оған қатысты еш ресми ақпарат жоқ.

01.10.20 Биіктігінен не пайда? «Абу Даби Плаза» авторлары коронавирустан НЕГЕ жеңілді?

Біріккен Араб Әмірлігінің алпауыты, әлемдегі ең көрікті ғимараттардың бас мердігері «Arabtec Holding» құрылыс компаниясы жабылмақ. Қазір оның еншілес ұйымы Нұр-Сұлтандағы «Абу Даби Плаза» ғимараттар кешенінің құрылысын аяқтап қалды.

30.09.20 Мина мен мұнай. Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстан Қазақстан НЕГЕ ештеңе ұтпайды?

Баку мұнайлы өлке болғандықтан, қақтығыс салдарынан мұнай бағасы өседі деген үміт болған. Бірақ ол орындалмайтын сияқты. Брент баррелінің Нью-Йорктегі фьючерсі 42 доллардан аспай қойды.

29.09.20 Триллион бар, жұмыс жоқ. Үкімет ақша аямаса да, жұмыссыздық НЕГЕ қысқармай отыр?

Осыдан екі ай бұрын Қазақстанда 700 мың адам жұмыссыз жүрді. Үкімет жұмыспен қамтуға триллион теңге жұмсамақ. Бірақ осы қаржыны жұмсау жолдары жұмыссыздықты азайтады дегенге сарапшылар сенбей отыр.

28.09.20 Кім популист? Қаржыгерлер мен экономистер НЕГЕ дүрдараз?

Тәжірибелі банкир Үміт Шаяхметова зейнетақы жинағының бір бөлігін азаматтарға беруді «популистік шара» деп атады. Оған танымал экономист Олжас Құдайбергенов фейсбукте жауап берді. Келесі жылы президенттің осы бастамасы экономистер мен банкирлер арасын біржолата суытуы мүмкін.