Қаржылық сараптама

26.10.20 Жоспарлар мен стратегиялар елі. НЕГЕ бізде орындалмай қалған бағдарлама көп?

Тәуелсіздіктен бергі жаңа тарихқа көз салсақ, жыл сайын жаңа бағдарламалардың ашылып, ескілерінің ұмыт қалғанын көреміз. Орындалмай ұмытылып кеткен жобалардың саны жиырмадан асады.

23.10.20 Экономиканың диверсификациясын шығару. НЕГЕ Тоқаевтың төртінші «экономикалық десанты» миссиясын орындай алмайды?

Экономиканы реформалау жөніндегі кеңесте алты жұмыс тобы құрылды. Әрқайсысының өз миссиясы бар. Төртінші жұмыс тобы экономиканы диверсификациялауға жауапты. Олардың қолынан не келеді? Nege.kz сарапшылармен тілдесті

21.10.20 Тобырлар төңкерісі. Соңғы революция Қырғызстанды НЕГЕ банкроттыққа жетелейді?

Қырғызстанның премьер-министрі әрі президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров үлкен қиындыққа тап келді. Коронавирус, революция мен бюджет тапшылығы қырғыз экономикасына үш жақтан соққы бермек.

20.10.20 Мұнай мен мұңлықтар. «2021 жылы мұнай бағасы өседі» деген үміт НЕГЕ ақталмайтын болды?

ОПЕК өз болжамын нашарлатып, «мұнайға деген әлемдегі сұраныс 2021 жылы да оңалмайды» деген ұйғарымға келді. Шикізатқа байланған Қазақстан үшін бұл тым жағымсыз жаңалық.

19.10.20 Принтер қосылды ма? Үкімет 828 миллиард теңгені қайдан алады?

Үкімет 2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа болжамын бекітті. Оған сарапшылар тарапынан бірнеше сұрақ бар.

15.10.20 Тоғыз айдың қортындысы. НЕГЕ экономика біреуді жылатса, біреуді қуантты?

Үкімет 9 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берді. Бір сала құласа, бір сала өскен. Бірақ құлағандары көп

14.10.20 Тұрғыза білді! Kaspi.kz Қазақстанның ең қымбат компаниясы атанды

Kaspi.kz Лондон қор биржасындағы IPOда GDRді көбірек сатты да, болжанған капитализация межесінен шықты. Енді компания 6,5 миллиард доллар тұрады

13.10.20 НЕГЕ оныкі тұрмайды? Kaspi.kz-тің өзін 6,5 миллиард долларға бағалауы сарапшылардың таласын тудырды

Қазақстандық финтех алпауыт Kaspi.kz екі күннен кейін Лондандағы IPO аясындағы алдын-ала акциялар саудасын бастайды. Сауда басталмай тұрып, Nege.kz нарық сарапшыларымен тілдесіп шықты