Қаржылық сараптама

19.01.21 Навальный НЕГЕ теңгенің тағдырына тікелей әсер ететін факторға айналды?

Ресей саясаткері және президент Путиннің басты қарсыласы Алексей Навальныйдың бір айға қамалуы АҚШ-тағы жаңа президент Джозеф Байденнің өз қызметіне кірісетін уақытымен тұспа-тұс келді. Әлемнің екі қиырында болып жатқан және бір-бірімен еш байланысы жоқ сияқты көрінетін екі оқиғаның салдары теңгені тентіретіп жіберуі мүмкін.

18.01.21 Міндетті тұрғын үй жинағы. Бұл бастама НЕГЕ үлкен дау туғызуы мүмкін?

Әзірленіп жатқан «Тұрғын үй саясаты және міндетті тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» заң қоғамның сын сүзгісінен өтпей қалуы ғажап емес.

13.01.21 Орныңда қаласың! Дүниежүзілік Банк НЕГЕ Қазақстанның тағдырын айқын болжаудан қорқады?

Дүниежүзілік Банк Қазақстан былтыр қанша пайызға құласа, биыл сонша пайызға өседі деген пікірде. Бірақ оның соңғы есебі тым құрғақтау болып шықты

12.01.21 Бір қадам алға, екі қадам артқа. 2020 жылы халық НЕГЕ ұтылды?

Бүгін 2020 жылдың экономикалық қортындысы шықты. Ішкі жалпы өнім 2,6 процентке құлаған. Нақты сектор өсіп, есесіне, сауда жойылып кеткен.

11.01.21 Сайлаудан кейінгі экономика. Жаңа үкімет пен парламент НЕГЕ экономикаға түбегейлі өзгеріс әкеле алмайды?

«Nur Otan» партиясының жеңісінен кейін экономистер «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды уәделер жиынтығын тағы бір рет жіктеп шығатынына сенімдіміз. Nege.kz сарапшыларының пайымдауынша, платформа түбегейлі реформа емес, бұған дейін жүріп келе жатқан жолды жалғастыра беруді көздейді.

08.01.21 «Біз жинаймыз, сіздер жаратыңыздар». Зейнетақы триллиондары НЕГЕ маза бермейді?

БЖЗҚ – жаңа Ұлттық қорға айналып барады. 2021 жылдың басында қазақстандықтардың зейнетақы қорында жинақталған қаржысы 12,7 триллион теңгеге жетті. Бұл сома ақшалай емес, құнды қағаздарға күйінде сақталған.

06.01.21 Арабтар түсіністікпен қарады. НЕГЕ Қазақстанға ОПЕК+ келісімін өз пайдасына шешуге мүмкіндік берілді?

ОПЕК+ отырысы Қазақстан үшін сәтті аяқталып, картель елдерінің ішінен тек біздің ел мен Ресей ғана мұнай өндіру көлемін көбейтуге мүмкіндік алды. НЕГЕ?

05.01.21 Асауға тұсау. 2021 жылы инфляциямен күрес НЕГЕ нәтиже бермейді?

Биылғы инфляцияға қатысты Қазақстанда ортақ пікір қалыптаса алмады. Ұлттық Банк 4-6% коридорын, қаржы нарығының ойыншылары 6,9% деңгейін, ал сарапшылар инфляцияның одан да жоғары көрсеткішін болжап отыр. Кімдікі дұрыс?