Вакцинаның қос компоненті неге керек?

07 апреля, 17:46

Фото: ғаламтордан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинаның қос компонентін салуға қатысты түсінік берді.

Алматы, NEGE. «Спутник V» вакцинасын даярлаушылар коронавируспен ауырып шыққандар екпенің тек бірінші компонентін салдыра алатынын мәлімдеді. Кейбір елдерде осындай тәжірибе ескерілген, яғни індеттен жазылғандар вакцинаның бір ғана компонентін алады. Қазақстанда мұндай мүмкіндік ескерілген бе?», - деп сұрады тілші Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өз кезегінде Айжан Есмағамбетова вакцина тиісті бекітілген ереже бойынша жасалатынын жеткізді.

«Арнайы ережеге сәйкес, вакцинаның қосарланған дозасы пайдаланылады, яғни бірінші және екінші компоненті қамтылған. Сондықтан біз осы ережені ұстанамыз. Жаңа мәліметтер пайда болса немесе тиісті өзгерістер енгізілсе, онда оны қарастырамыз. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясына қарсы екі дозаны қамтуға кеңес берді», - деді комитет басшысы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации