Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

01 декабря, 18:13

Фото: inform.kz

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсі ашылды.

Алматы. NEGE. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан-Түркістан рейсіне 168 билет (93%), Түркістан - Нұр-Сұлтан рейсіне 161 билет сатылған. «Түркістан әуежайы – тәуелсіз Қазақстанда тұрғызылған алғашқы әуежай. Бірінші кезеңде Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «SCAT» әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына күнделікті рейстер орындайды және түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа облыс орталықтармен байланысады. Халықаралық бағыттардың ішінде ең алдымен Ыстанбұл, Дубайға рейстер ашу жоспарланып отыр. Болашақта қаланың қалпына келуіне қарай басқа қалаларға, оның ішінде Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер ашылатын болады», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті. Сонымен бірге Түркістан әуежайы шетел әуе компанияларының ұшуы үшін «ашық аспан» режимінде жұмыс істейді. Бұл әуежайдың ұшу географиясын кеңейтуге және шетелдік туристерді тартуға ықпал етеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации