Цой Қарағандыда шығарылып жатқан вакцинаға қатысты пікір білдірді

08 апреля, 09:57

Фото: ғаламтордан

 Коронавирусқа қарсы вакцина кестеге сәйкес жеткізіліп, өңірлер сұранысы қамтамасыз етіледі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. «Мемлекет басшысы вакциналау бағдарламасын қолдап отыр. Вакцина салдырып, өзінің азаматтық ұстанымын көрсетті. Біз Қарағандыда жасалған вакцинаны («Спутником V») Қазақстанда шығарылған деп санаймыз. Яғни ол Қазақстанда, отандық зауытта шығарылған вакцина. Бұдан бөлек, отандық ғалымдар дайындап жатқан QazСovid-in вакцинасы да Қазақстанда өндіріледі. Бұл тұрғыда біз қандай да бір проблеманы көріп тұрғанымыз жоқ», - деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда министр Мемлекет басшысы вакциналау әр азамат үшін маңызды екенін, әлем елдері мойындаған қадам болып саналатынын айқын керсеткенін атап өтті. «Сондықтан ел халқын вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет құруға шақырамыз», - деді Алексей Цой. Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации