Төтенше жағдайлар министрі бес баланың қазасы туралы: «Сіріңке мен оттық кінәлі»

23 февраля, 17:45

Фото: tengrinews.kz

Жамбыл облысындағы бес баланың қазасына сіріңке немесе оттық себеп болуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Мен анасының бес баланы, соның ішінде жеті айлық сәбиді қалдырып, үйден шығуына не себеп болғанын толық білмеймін. Маңызды себептер болған да шығар, бірақ сонда да қайғылы жағдай болды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ең алдымен, үй көпқабатты екенін және орталық жылыту жүйесіне қосылғанын айта аламыз. Пеш жоқ. Жылу орталықтан келеді, батарея сынды электр аспаптары мен майлы радиаторлар болмаған. Электр сымдарының бұзылуы, аспаптардың тұйықталуы да анықталған жоқ. Бұл төмен калориялық от көзі болуы мүмкін. Бұл балалардың от аспаптарын абайсыз қолдануы мүмкін: сіріңке немесе оттық», – деді министр сұхбатында.

Ведомство басшысы нақты себеп анықталып жатқанын айтты. 

Бұған дейін өрттің алдын ала себептері айтылған болатын. Баспасөз брифингінде Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев қайғылы оқиға тез тұтанғыш материалдың бетіне от түсуі салдарынан туындағанын айтқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации