Шетелден келгендер енді бір аптаға карантинге орналастырылады

29 октября, 16:33

Фото: zakon.kz

ПТР-тест анықтамасы жоқ, шетелден келген қазақстандықтардың карантинге орналасу мерзімі екіден жеті күнге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Мұндай өзгеріс Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің №59 қаулысында қамтылған.

- Қазақстан Республикасына келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар, қолында анықтама болмаған жағдайда, карантиндік ауруханаға 7 күнге дейін оқшауланады. COVID-19 дертінің бар-жоғын ПТР әдісімен зертханалық тексеріс арқылы анықтау үшін, делінген құжатта.

Егер диагноз расталса, ондай адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации